Қазақстандықтарға Дубайға бармауға кеңес берілді

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) сапарларына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Брифинг барысында министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаев әуе рейстері қайта жанданғаннан кейін қазақстандықтар Дубайға сапар жоспарлай ала ма деген сұраққа жауап берді.
"Өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін, екі тарапқа да қолайлы шешімдерге тезірек қол жеткізіледі деп үміттенеміз. Сонымен қатар жағдай толық тұрақтанғанға дейін сақ әрі мұқият болу орынды деп санаймыз. Осыған байланысты азаматтарға мүмкіндігінше осы өңір елдеріне міндетті емес сапарлардан бас тартуды ұсынамыз", — деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Осылайша, БАӘ-ге сапарларға тікелей тыйым салынбаған, алайда қазақстандықтарға ол жаққа қажет болмаған жағдайға бармауға кеңес беріледі.
Сонымен қатар мнистрлік өкілі қазақстандықтарды сапарларын мұқият жоспарлауға және баратын елдегі қазіргі ахуалды ескеруге шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан БАӘ-ге әуе қатынасын қайта жандандыратыны туралы жазған едік.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Оқыңыз