Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан БАӘ-ге әуе қатынасын қайта жандандырады

Air Astana ұшағы
Фото: Air Astana

Air Astana әуе компаниясы Қазақстан мен БАӘ арасындағы тұрақты әуе қатынасын кезең-кезеңімен қалпына келтіретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, әлемде орын алған қақтығыстарға байланысты Алматы мен Астанадан Таяу Шығыс елдеріне бірқатар рейстер тоқтатылған еді.

Әуе компаниясы жағдайдың тұрақталуына байланысты, Air Astana 20 маусымнан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 10 шілдеден бастап Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін жандандыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Иран әуе кеңiстiгiнiң жабылуына байланысты ұшулар Пәкiстан арқылы қауiпсiз және сенiмдi әуе қатынасын қамтамасыз ету мақсатында орындалады. Ұшу кестесі кезең-кезеңмен кеңейтілетін болады.

Алматы-Дубай-Алматы бағыты бойынша: 

  • 15-21 маусым: аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі);
  • 22-28 маусым: аптасына 4 рейс (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі);
  • 29 маусым - 5 шілде: аптасына 6 рейс (күн сайын, сейсенбіден басқа);
  • 6-12 шілде: аптасына 7 рейс (күн сайын);

Астана-Дубай-Астана бағыты бойынша: 

  • 10-19 шілде: аптасына 3 рейс (жұма, сенбі, жексенбі);
  • 20-26 шілде: аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);
  • 27 шілде - 2 тамыз: аптасына 5 рейс (дүйсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа барлық күндер);
  • 3-9 тамыз: аптасына 7 рейс (күн сайын);

Билеттері 31 шілдеге дейін қайта брондалған жолаушыларға: 20 маусымнан бастап - Алматыдан Дубайға, 10 шілдеден бастап – Астанадан Дубайға ұшуға тегін қайта брондау ұсынылады.

Әуе компаниясы аймақтағы оқиғаларды бақылайды және Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.

Еске салсақ, осыған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыстың жалғасуына байланысты Air Astana Алматы мен Астанадан аймақтағы үш елге жоспарланған рейстердің тоқтатылуын тағы екі айға ұзартуға мәжбүр екенін жазғанбыз. 

Дана Русланқызы
Жұма, 05 Маусым, 2026 23:04