Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялауға қанша қаржы кетті: Көлік министрі нақты санды айтты
Үкімет Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялауға 4 миллион доллар (1 870 311 600 теңге) жұмсаған. Мұны үкіметтегі брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, қақтығыс аймағынан 14 мыңнан астам адам эвакуацияланған.

“Біз әуе компанияларының шығындарының бір бөлігін өтедік. Өйткені ол жақтағы жолаушылардың бір бөлігі қайтар билет сатып алған еді. Демек әуе компанияларының қызметі ішінара төленген. Оған сәйкес біз сақтандыру тәуекелдеріне байланысты қосымша шығындарды жаптық. Сонымен қатар азаматтардың бір бөлігін Дубайдан жағдай тұрақтырақ көрші елдерге жеткізу қажет болды”, – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі 14 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялауды аяқтағанын мәлімдеген еді. Олар жалпы саны 10 275 қазақстандық елге оралғанын айтқан.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады