Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялауды аяқтады
Фото: pixabay
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне Қазақстанның Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялауды аяқтағанын мәлімдеді. Жалпы саны 10 275 қазақстандық елге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жерүсті және әуе бағыттары арқылы түрлі маршруттармен жүргізілген.
“Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті билік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп, отандастармен тұрақты байланыс орнатты және азаматтарға қажетті көмек көрсетті”, – делінген хабарламада.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтардың елге қауіпсіз оралуына көмектескен мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестерге алғыс білдірді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады