Абай облысында қыз зорлағаны үшін сотталған ер адам түрмеден қашып кетті

Абай облысында қыз зорлағаны үшін сотталған ер адам уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде 22 маусымда "зорлау" бойынша жазасын өтеп жатқан 31 жастағы Талғат Шәкеновтың уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткені туралы ақпарат тарады.
1994 жылы туған сотталған адамды іздестіруге Абай облысының полиция қызметкерлері тартылып, сондай-ақ қосымша күштер шақырылған.
Абай облысының полиция департаменті Шәкеновтің ұсталғанын хабарлады.
Белгілі болғандай, жазасын өтеушінің зорлау қылмысынан бөлек төбелестер мен автокөлік ұрлау деректеріне қатысы бар.
Зорлау қылмысы үшін ол бес жылға бас бостандығынан айырылған, алайда үш жылдан кейін нақты жазасы шартты жазаға ауыстырылып, содан кейін ол түрмеден босатылған. Бостандықта жүрген кезде Шәкенов пробациялық бақылау талаптарын бірнеше рет бұзған.
"Биыл маусым айында жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін Шәкеновке жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған. Серуен кезінде сотталған адам уақытша ұстау изоляторының аумағынан өз бетінше кетіп қалған. Жедел түрде ұйымдастырылған іздестіру шаралары нәтижесінде ол ұсталып, қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды", – делінген Абай облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталғаны туралы жазған едік.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Оқыңыз