Қазақстандықтар Wildberries арқылы енді азық-түлік пен дайын тағамдарды сатып ала алады

Қазақстандықтар енді Wildberries арқылы күнделікті қажет тауарлар мен азық-түлікке тапсырыс бере алады. Осылайша компания e-grossery нарығына аяқ баспақ. Тапсырыс орта есеппен 2 сағатта жеткізіледі. Stan.kz тілшісі Wildberries-тің жаңа қызметін зерттеп көрді.
Wildberries компаниясының мәліметінше, e-grocery сегментінде өнімнің балғындығы мен сапасы басты басымдықтардың бірі саналады. Сондықтан Қазақстанда жедел жеткізу қызметін іске қосу үшін сенімді әрі ұзақ жылдан бері өзін дәлелдеген серіктестер таңдалған. Олар – ірі бөлшек сауда желісі METRO, сондай-ақ екі мегаполистегі танымал "Жасыл базар" мен "Сауран" базары.
Өнімдер Wildberries қоймаларында сақталмайды. Бұл жағдайда маркетплейс тек тапсырыс рәсімдеуге арналған бірыңғай цифрлық платформа қызметін атқарады. Ал өнімдерді жинау, сақтау және сатып алушыға жеткізу жұмыстарын маркетплейстің серіктестері Instashop сервисі арқылы жүзеге асырады. Мұндай тәсіл жеткізу уақытын едәуір қысқартып қана қоймай, сатып алушыларға жеткізілетін азық-түлік өнімдерінің балғындығы мен сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде мұнда азық-түлік, фрештер мен косметика, үйге қажетті заттар, жануарларға қажетті тауарларды қосқанда 6000-нан аса өнім біріктірілген. Компания өкілдерінің сөзінше, тапсырыстар орта есеппен 2 сағатта жеткізіледі. Курьерлер таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда 17:59-дан кейінгі барлық тапсырыс тек келесі күні жіберіледі.
Мұндай жұмыс моделі тек сатып алушыға емес, кәсібін жүргізіп отырған сатушыларға да тиімді. Өйткені Wildberries арқылы кәсіпкер офлайн сауданы онлайн платформаға ауыстыра алады. Бұл клиенттер ауқымын кеңейтуге, тек бір нүктемен шектеліп қалмауға жол ашады.
"Жергілікті серіктестермен жасалған келісімнің арқасында маркетплейс жаңа форматтағы қызметті ұсынып отыр. Бұрын маркетплейс тек стандартты жеткізу схемасы бар, бірыңғай "тауарлар сөресі" ретінде қабылданса, қазір жаңа клиенттерді тартып, нарықта дұрыс бәсеке қалыпастыратын платформаға айналған.

Экспресс-жеткізу немесе EDBS "дәл қазір қажет өнімдерді" тез алғысы келетіндер үшін ыңғайлы. Мәселен, кәсіпкерлер маркетплейс арқылы тез бұзылатын азық-түлік пен дайын тағамдарды сата алады.
"Жергілікті серіктестермен және ритейлерлермен ынтымақтастық аясында маркетплейс Қазақстанда "Экспресс сөре" (eDBS) моделі бойынша e-grocery қызметінің жаңа форматын іске қосты. Бұл дегеніміз, Wildberries сенімді ІТ-платформаны қамтамасыз етеді, ал өнімдерді сақтау, сапасын қатаң бақылау, "өзіне алғандай" мұқият жинақтау және жедел жеткізу жұмыстарын өз беделін бағалайтын кәсіби серіктестер жүзеге асырады. Сонымен қатар Wildberries негізгі көрсеткіштерді (тапсырысты жинау уақыты, тапсырыстың күшін жою үлесі, тұтынушылардың пікірлері) тұрақты бақылауда ұстап, сатушыларды қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейде сақтауға ынталандырады", – деді RWB компаниясының сатушылар күшімен жеткізу бағытының жетекшісі Елизавета Шлейн.
Компания өкілдерінің сөзінше, Wildberries тапсырысты жинау уақыты, тапсырыстан бас тарту көрсеткіші мен клиенттердің пікірі сынды негізгі деректерді қатаң бақылайды. Егер тауардың сапасы ұнамаса, Wildberries-те тұтынушының құқығын қорғауға бағытталған әділ әрі жедел механизм қосылған:
- Клиент қосымшадағы немесе сайттағы жеке кабинет арқылы тауардың фотосын тіркеп, бірнеше қадаммен тауарды қайтаруға өтінім бере алады;
- Өтінім қаралғаннан кейін сатушы сапасыз тауарды өз курьерлік қызметі арқылы жедел алып кетуі немесе тауарды қайтаруды талап етпей-ақ, клиенттің картасына ақшаны бірден қайтаруды мақұлдай алады;
- Даулы жағдайларда Wildberries тәуелсіз төреші ретінде әрекет етіп, сатып алушы мен сатушыға Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында әділ шешімге тез келуге көмектеседі.
Маркелтплейстің серіктестері сату шарттарын өздері бегілейді. Қазіргі уақытта ең төменгі тапсырыс сомасы 6 000 теңге (жеткізу құны 1 200 теңге). Егер тапсырыс құны 18 500 теңгеден асса, серіктестер азық-түлікті тегін жеткізеді.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті