Beeline интернеті көпқабатты үйлермен шектелмейді: Бүгінде 50 мың жеке үй қосылды

Beeline компаниясы Қазақстан бойынша үй интернеті желісін дамытып келе жатқанына 15 жылдан асты. Бұрын компания көбіне мобильді байланыс операторымен танылса, бүгінде Beeline-ның үй интернеті ірі қалалармен қатар облыс орталықтарында, шағын елді мекендерде және жеке тұрғын үй секторында да қолжетімді.
Компанияның мәліметінше, қазіргі таңда шамамен 2,4 миллион пәтер мен жеке үйді интернетке қосуға мүмкіндік бар. Соңғы жылдары негізгі басым бағыттардың бірі – жеке тұрғын үй секторын қамту. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде компания 50 мыңыншы абонентін қосты.
Мерейтойлық абонент – Қызылорда қаласының тұрғыны Маржан Әлиева болды.

"Көп жылдан бері Beeline-ның мобильді байланысын пайдаланамыз. Үйге интернет қажет болғанда басқа провайдерді іздемей, осы операторды таңдадық. Бізге барлық қызметтің бір жерде болғаны ыңғайлы", – дейді ол.
Бүгінде Әлиевтер әулетінің үйіндегі Wi-Fi тәулік бойы жұмыс істейді. Желіге бір мезетте смартфондар, ноутбук, теледидар, планшет және смарт-үндеткіш қосылады. Интернет балаларға сабақ оқып, бейнесабақтарды көруге, ал ересектерге жұмыс істеуге, туыстарымен байланысуға және кешкі уақытта демалуға қажет.
"Кешкісін біз бір уақытта фильм көре аламыз, балалар онлайн оқып немесе ойын ойнайды. Ең бастысы интернет мұндай жүктемені көтеру алуы керек", – дейді Маржан.
Отбасы бірнеше сервисті біріктіретін "Премиум Отбасы x6" тарифтік пакетін таңдаған. Оның аясында үйдегі интернеттен бөлек, отбасы мүшелері мобильді байланысты пайдаланады, BeeTV платформасында фильмдер мен сериалдар көреді, музыка тыңдайды, бұлтты сақтау қызметінде деректерін сақтайды және Simply қаржылық сервисі арқылы қосымша кэшбэк алады. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл қызметтердің әрқайсысын жеке-жеке қосу әлдеқайда қымбатқа түсер еді.
Отбасы үшін интернетті қосу үдерісінің де маңызы зор болды.
"Бәрін өте жылдам жасады. Мамандар келіп, қажетті құрылғыларды орнатып, баптап берді және қалай пайдалану керек екенін түсіндірді. Еш қиындық болған жоқ", – деп еске алады Маржан.
Beeline мәліметінше, бүгінде жаңа қосылымдардың шамамен 85%-ы бір күнде жүзеге асырылады. Қосылу мерзімінің ұзаруы көбіне клиенттің өтініші бойынша кездесу уақытының кейінге шегерілуіне байланысты болады.

Сондықтан үйдегі интернетті таңдағанда пайдаланушылар енді тек тарифтің бағасына ғана емес, үйдің аумағына, отбасы мүшелерінің және желіге қосылатын құрылғылардың санына да мән береді. Себебі осы факторлар интернеттің барлық бөлмеде тұрақты жұмыс істеуіне және қамту аймағының жеткілікті болуына тікелей әсер етеді.
Үйдегі интернет желісін дамыту бүгінде көпқабатты тұрғын үйлер мен ірі қалалар шеңберінен шығып келеді. Оператор Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз, Ақтау және басқа да даму әлеуеті жоғары өңірлерде тіркелген байланыс желілерін белсенді түрде салып, жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қамту аймағы мен қосылу мүмкіндігі туралы өзекті ақпарат компанияның ресми интернет-ресурсында қолжетімді.

Компанияның бағалауынша, жыл соңына қарай Beeline үй интернетіне қосылған үй шаруашылықтарының жалпы саны шамамен 3 миллионға жетуі мүмкін.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды