Атырау облысында жүкті әйел өзін ұрып-соққан күйеуінің жазаланғанын талап етіп отыр
Атырау облысында 32 жастағы жүкті әйел өзін күйеуі аяусыз соққыға жыққанын айтты. Салдарынан ол тіпті үйден қашып кетуге мәжбүр болған.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жәбірленуші Ақбөбек Оразбаеваның сөзінше, күйеуі бұған дейін де оған қол көтерсе де, ол кешіріп келген. Бірақ әйел осы жолы жүрегінің астында көтеріп жүрген сәбиі үшін қорыққан.
“Мен жатыр едім, ол келіп жұдырығымен ұрды. Екі рет ұрғандай болды. Басым, құлағым – бәрі шыңылдап кетті. "Алла, Алла" деп айтып, жайманы алдым. Сол кезде кіші қызым оянып кетті. Сөйтсем, екі балам да ұйықтамаған екен. Қорыққаннан ұйықтап жатқандай болыпты. Сол сәтте оның мені аяйтынын түсіндім”, – дейді әйел.
Қазір әйел Индер аудандық ауруханасында жатыр. Ерлі-зайыптының ортақ некеден үш баласы бар. Әйел полицияға арыз жазған. Алайда оның айтуынша, агрессорды полиция қызметкерлері көп ұзамай босатып жіберген. Жәбірленуші шу шығарып, наразылық білдіргеннен кейін ғана ер адам қайтадан ұсталған.
Құқық қорғау органдары әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірмеді. Олар істің мән-жайы анықталып жатқанын айтты.
Дәрігерлер әйелге өзін ешкім мазаламау керегін айтқан.
“Ауруханаға түскен кезде оның басы мен жақ сүйегі тұсында көптеген жарақаты болды. Сол аяғында да көгерген жерлері бар. Сонымен қатар ішінің ауырғанына шағымданды. Қазір хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр”, – дейді Индер аудандық ауруханасының хирургі Асланбек Ермұханов.
Оның айтуынша, қазір әйелдің жағдайы тұрақты.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?
