Алатау қаласы Еуразиядағы технологиялық заманауи мегаполис болады – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын Еуразиядағы технология, инвестиция және таланттар тоғысатын жаңа орталыққа айналдыру жоспарын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің айтуынша, Digital by Default қағидаты бойынша салынатын Алатау қаласы заманауи мегаполис болады.
“Алатау қаласы Smart City шешімдерінің, интеллектуалды көлік, цифрлық төлем жүйелерінің, сондай-ақ энергияны үнемдейтін нысандар мен озық телекоммуникация инфрақұрылымының негізгі алаңына айналуы керек. Сонымен қатар қала өңірдегі жетекші цифрлық қаржы орталықтарының бірі ретінде қызмет етуге тиіс”, – деді мемлекет басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, осы мақсатта қазір цифрлық активтерді, "токендеу", блокчейн технологияларын және криптоиндустрияны дамытуға арналған заманауи құқықтық реттеу жүйесі қалыптастырылып жатыр.
“Бұл жұмыстың басты тірегі бәсекеге қабілетті құқық және салық режимі болатыны сөзсіз. "Алатау" жобасына қатысушылар "Астана" халықаралық қаржы орталығы экожүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана алады. Орталық ағылшын құқығы қағидаттары бойынша жұмыс істейді және онда әлемнің 90-нан астам елінен жиналған 6 мыңға жуық компания қызмет етеді. Алатау қаласы алдағы уақытта Еуразиядағы таланттардың, технологиялар мен инвестициялардың жаңа орталығы болады деп сенемін”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Оқыңыз