Қазақстандық қажылар Сауд Арабиясындағы Пайғамбар мұражайына кіруге жеңілдіктер ала алады
Джиддадағы Қазақстанның бас консулдығы мен мұражай операторы Al-Salam компаниясы Сауд Арабиясындағы діни орындарға баратын қазақстандық қажыларға жеңілдіктер қарастыратын меморандумға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан азаматтары Меккедегі Абраж әл-Бейт кешеніндегі Пайғамбардың өмірбаяны мен ислам өркениеті халықаралық мұражайына кіру билеттеріне жеңілдіктер алады. Жеңілдік бағдарламасы мұражайдың Мединадағы филиалына да таралады.

Бас консулдық мұражай мұндай келісімге қол қойған алғашқы ел Қазақстан екенін атап өтті. Бағдарлама шектеулі мерзімге жарамды және ұзарту мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір Астанада Орталық Азиядағы алғашқы Мұхаммед пайғамбар мұражайының ашылуына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматының ауызсуын қайнату керек пе: Судан табылған бактерияға қатысты мамандар не дейді
Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Алматыдағы ауызсудан синегной таяқшасы анықталғанын растады
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді