Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектеп оқушысы Еуропалық математикалық олимпиадада жеңімпаз атанды

Қазақстандық оқушылар
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Астаналық 12-сынып оқушысы Марғұлан Шарел Еуропалық математикалық олимпиадада абсолютті жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 23-29 сәуір аралығында Литваның Вильнюс қаласында алғаш рет European Mathematical Olympiad өтті.

Олимпиадаға 19 елден 21 команда, жалпы саны 126 оқушы қатысқан. Қатысушы мемлекеттер қатарында Албания, Армения, Болгария, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Исландия, Ирландия, Қазақстан, Косово, Латвия, Литва, Солтүстік Македония, Норвегия, Польша, Словения, Швейцария және Украина бар.

 “ҚР ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Құрама қоржынына 3 алтын және 2 күміс медаль түсті. Олимпиаданың абсолют жеңімпазы атанған - Марғұлан Шарел, Астана қаласындағы Spectrum International School 12-сынып оқушысы”, – делінген министрлік хабарламасында.

Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған оқушылар қатарында Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Эльдар Усенов, Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы Эрик Лим де бар.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026 22:58