Қазақстандық футболшы жол апатынан көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан 29 жастағы футболшы, көкшетаулық “Елім-Ай” клубының ойыншысы Илья Буртовой көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты Абай – Қарағанды тасжолында болған. Оқиғадан кейін Илья Буртовой ауыр халде профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бар күшін салғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Илья Буртовой футболдағы кәсіби жолын 2015 жылы “Шахтер-Булат” командасында бастаған. Кейін футзалға ауысып, Қарағандының “Прогресс” клубы сапында Қазақстан кубогында өнер көрсетті. Оған қоса ол “Скаут” балалар футбол клубының жаттықтырушысы болды.
ОқыңызСонымен қатар ол елдегі ең мықты әуесқой командалардың бірі саналатын – FC BIRLIK құрамында ойнаған. Былтыр осы командамен бірге шағын футболдан әлем чемпионатына қатысқан.
2025 жылы Буртовой Көкшетаудың “Елім-Ай” клубы сапында Қазақстан кубогы мен Бірінші лига матчтарында өнер көрсетті.
Илья Буртовой 1996 жылы дүниеге келген. Ол 29 жаста еді.
Айта кетейік, бұған дейін Былтыр қазан айында “Хан Тәңірі” футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу футбол алаңында көз жұмған еді.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек