Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар перинаталдық орталығында бір ай ішінде екінші үшем дүниеге келді

үшемдер пезентханадан шығару
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар перинаталдық орталығында бір ай ішінде екінші үшем дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

34 жастағы Елдана Дюсенова бірден үш сәбидің анасы атанды. Оларға Елнара, Елнияр және Елдияр деген есімдер берілді. Осылайша, отбасындағы бала саны жетіге жетті. Үшемдер дүниеге келгенге дейін ерлі-зайыптылар төрт баланы тәрбиелеп келген.

Елдана Дюсенова білім беру саласында еңбек етеді. Ол Павлодар ауданы Кеменгер ауылындағы балалар өнер мектебінің директоры міндетін атқарады. Үшемнің дүниеге келуі ол үшін үлкен қуаныш болған. Анасы перинаталдық орталық мамандарына көрсеткен қамқорлығы, қолдауы, жанашырлығы және сапалы медициналық көмегі үшін алғыс білдірді.

Сәбилердің әкесі Ермек Түсіпбеков те қуанышын жасырмады. Оның айтуынша, бірден үш баланың дүниеге келуі – бүкіл отбасы үшін үлкен бақыт. Ата-анасы балаларының дені сау болып өсіп, Қазақстанның лайықты азаматтары болғанын тілейді.

Сәбилерді перзентханадан шығару рәсіміне отбасының туған-туыстары мен жақындары, сондай-ақ Павлодар облыстық перинаталдық орталығының қызметкерлері қатысты.

Қазір анасы мен үш нәрестенің де жағдайы жақсы.

Бұл Павлодар перинаталдық орталығында бір ай ішінде дүниеге келген екінші үшем дүниеге келді.

Перзентхана директоры Гүлнар Буратаеваның айтуынша, үшемнің дүниеге келуі – сирек кездесетін жағдай. Орталықта жылына орта есеппен 80 егіз дүниеге келеді. Ал үшемдер барлық босанудың небәрі 2-3 пайызын құрайды.

Дана Русланқызы
Жұма, 21 Тамыз, 2026 22:57