AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболист айына 70-80 мың еуро алады: Вице-министр "Астана" футбол клубына не үшін шүйлікті

"Астана" ФК бас директоры Дэвид Лория қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол бұл қызметте бар болғаны екі жарым ай жұмыс істеді. Бұған дейін спорт вице -министрі Ерлан Қожағапанов "шын мәнінде клуб бір топ шетелдіктің басшылығына берілген" деп клубты сынға алған болатын.

"Астана" футбол клубының негізін қалаушы туризм және спорт индустриясын қолдау қорының шешімімен қазақстандық функционер Тастанбек Құтжатұлы Есентаев бас директор қызметіне келді", – делінген клубтың ресми хабарламасында.

Тастанбек Есентаев соңғы жылдары ҚР білім және ғылым министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығын басқарған.

Дэвид өзінің қызметінен босағаны туралы БАҚ арқылы білгенін айтады. Бас директорға қызметінен кеткені туралы ешкім хабарламаған. 

Кеше Nur.kz сайтында спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың сұхбаты жарияланды. Сұхбатта ол Қазақстандағы футболдың жағдайы ауыр екенін айтты. Сонымен қатар "Астана" футбол клубын түкке тұрғысыз деп бағалады. Белгілі болғандай, клубтың биылғы бюджеті республиканың басқа футбол клубтарынан 4 есе жоғары. Бұл 5 миллиард теңгені құрайды. 



Осылайша, клубтың 2021 жылғы айлық шығыны миллион долларға жуықтайды. Бұл бюджеттің шығыны қысқартылған кездегі есеп. 2018 жылдан бері “Астана” клубын қаржыландыруға шамамен 45 миллиард теңге бөлінді.

"Мыңнан астам спортшы, жаттықтырушы және басқа да мамандары бар жоғары жетістіктері бар басқа бүкіл қазақстандық спортқа қарағанда, “Астана” клубына көп ақша жұмсалады. Не үшін? Биыл финдердің қолына жеңісті бергені үшін бе? Жыл сайын жағдай қайталана береді. Біз бюджеті бірнеше есе, дәлірек айтқанда біздің команданың бюджетінен он есе төмен командадан ұтыламыз. Мұндай заңсыздық бұдан былай жалғаса алмайды", – деп ашуланды Қожағапанов.

Ол "Астана" клубының футболшыларының жалақысы өте жоғары екенін айтты.

"Кейбір легионерлерге айына 50-60 мың еуро төленеді. Оған қоса жыл сайынға шығындары ондаған және жүздеген мың еуро көлемінде белгіленген. Бір футболшының орташа айлық табысы 70-80 мың еуроға жетеді. Не үшін? Финдер біздің клуб мүшелерімен бірдей-ақ табыс табады. Сіз қай елде тұрасыз? Мұндай футболдың балаларға, жанкүйерлерге, бүкіл Қазақстанға қандай пайдасы бар?" – деді Қожағапанов.

Ол клубқа қаржылық тәртіп орнатуға уәде берді. “Келесі жылы клуб бюджеті тағы 40%қысқарады”, - деп сендірді Қожағапанов.

Бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортта шұғыл және тиімді реформалар қажет екенін мәлімдеген болатын.

"Бұқаралық және балалар спортын дамытуға назар аудару керек және осының негізінде әлемдік аренада керемет жетістікке жетуге ұмтылу керек. Біз Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Париждегі келесі ойындарда адамдардың үмітін ақтайтын нәтижеге қол жетуіміз керек", - деді мемлекет басшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр