Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аргентиналық футболшы Мессидің қай клубқа ауысқаны белгілі болды

"Барселона" клубының президенті Жоан Лапорта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Пари Сен-Жермен" футбол клубының ойыншысы болатынын ресми түрде растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алтын доптың" алты дүркін иегері, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Францияның "Пари Сен-Жермен" клубының ойыншысы болады, деп мәлімдеді Испанияның "Барселона" футбол клубының президенті Жоан Лапорта.

"Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ Месси ПСЖ-ға ауысады", – деді Лапорта.

Айта кетсек, Аргентиналық футболшы Лионель Месси испаниялық клуб "Барселонадан" ресми түрде кеткен болатын. "Камп Ноу" стадионында болған баспасөз мәслихатында Лионель Месси көз жасын тия алмады. 



Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан бері ойнап келеді келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.

Месси "Барселона" сапында алтыншы "Алтын добын" алды. Ол 778 матчта 672 гол соққан команданың үздік сұрмергені және 520 матчта 474 гол соққан испан лигасының үздік сұрмергені ретінде қазірдің өзінде тарихқа есімін жазып үлгерген. Каталониялық клуб сапында 2004 жылдан, 17 жасынан бері ойнап келді.

Талқылау