AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лионель Месси "Барселонадан" ресми түрде кетті

Аргентиналық футболшы Лионель Месси испаниялық клуб "Барселонадан" ресми түрде кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Eurosport сайтына сілтеме жасап. 

Cоңғы бір айды Месси тәуелсіз агент ретінде өткізді. 1 шілдедегі қаржы дауларынан кейін оның каталониялық клубпен арадағы келісімшарты аяқталып, тәуелсіз агентке айналған болатын.

Мессидің клубқа қайта оралуын соңғы келіссөз шешуі тиіс еді. Алайда екі тарап қаржылық кедергілерге байланысты келісімге келе алмайтынын мәлімдеп отыр.

"Барселона" мен Лионель Месси келісімге келіп, бүгін жаңа келісімшартқа қол қоюға ниет білдірсе де, бұл қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты мүмкін болмады (Испания лигасының ережелері). Месси "Барселонада" қалмайды. Екі жақ та ойыншы мен клубтың тілектері орындалмайтынына қатты өкінеді. "Барселона" ойыншыға клубтың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді және оған жеке және кәсіби өмірінде барлық жақсылықты тілейді", – делінген команданың сайтында жарияланған хабарламада.

Тәуелсіз агент мәртебесі болғандықтан, енді Месси әлемдегі кез келген футбол клубымен келісімшарт жасай алады. Бірақ 34 жастағы Мессиді өз қатарына алу үшін оның қаржы сұранысын орындай алатын клубтардың саны көп емес.

Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан бері ойнап келеді келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.

Месси "Барселона" сапында алтыншы "Алтын добын" алды. Ол 778 матчта 672 гол соққан команданың үздік сұрмергені және 520 матчта 474 гол соққан испан лигасының үздік сұрмергені ретінде қазірдің өзінде тарихқа есімін жазып үлгерген. Каталониялық клуб сапында 2004 жылдан, 17 жасынан бері ойнап келді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр