Абай облысында 20 жастағы қыз асқан қатыгездікпен өлтірілген: Марқұмның анасы үндеу жасады (видео)
Абай облысында 13 шілдеде қаза тапқан Дильназ Жұмағұлованың анасы қазақстандықтарға үндеу жасап, жалғыз қызының қазасы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
20 жастағы қыздың денесі таңертең Бородулиха ауылындағы үйлердің бірінің маңынан табылған. Анасының айтуынша, Дильназдың денесінде көптеген пышақ жарақаты мен ауыр жарақаттар болған. Ол алған жарақаттарының салдарынан көз жұмған.
"Ана ретінде күн сайын жанымды қинаған бұл қайғыны сөзбен жеткізу қиын. Ол небәрі 20 жаста еді, бүкіл ғұмыры әлі алдында еді. Ол менің жалғыз қызым, үмітім әрі тірегім еді", – дейді марқұмның анасы.
Дильназдың анасы істің әділ тергеліп, кінәлі адамның жауапкершілікке тартылуын сұрайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында ауданның 20 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда ер адам 3 жасар қызының көзінше әйелін аяусыз пышақтап өлтіргені туралы жазған едік.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда