Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ер адам желідегі посты үшін 500 мыңнан астам айыппұл арқалады

Телефон ұстап отырған адам
Фото: pixabay.com

Ақтөбе облысының Алғы аудандық сотында Instagram желісінде жала жабу ісі қаралды. Ер адам әйелдің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адам өзінің Instagram парақшасында жәбірленуші туралы жалған ақпарат жариялаған. Бұл ақпарат оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және беделіне нұқсан келтіргені анықталды.

Тыңдау барысында сот құқықбұзушының өз кінәсін толық мойындағанын ескерді. Сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоғын атап өтті.

Сот ер адамды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігі “жала жабу” бойынша кінәлі деп тапты. Оған 544 950 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 18 Маусым, 2026 16:27