Шенген визасын алуды жеңілдету жұмыстары қалай жүріп жатыр: Министр пікір білдірді

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуроодақ өкілдерімен визалық режимді жеңілдету бойынша қандай жұмыстар жүріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр журналистердің сұрағына нақты жауап беруден бас тартты.
“Бұл жұмысты толық аяқтап алайық, сосын бәрін егжей-тегжейлі айтып береміз. Әзірге жариялауға ерте кейбір жайттар бар. “Арба аттың алдына түспесін” деген сөз бар ғой”, – деді Ермек Көшербаев.
ОқыңызСоған қарамастан, министр Еуропалық одақпен келіссөздер жүріп жатқанын растады. Оның айтуынша, талқыланып жатқан мәселелердің бірі – виза беру үшін алынатын алым мөлшері.
“Ең бастысы белгілі бір келісімдер бар. Ал төлем сомасына келсек, онда қандай да бір сомаға тағы 50 цент (250 теңге) қосылады екен. Оларға: “Ешкім сол 50 центті іздеп жүрмейді ғой. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін дөңгелек сома белгілейік”, деп айттым”, – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтарға Шенген визасын алу жеңілдетілетіні туралы жазған едік.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды