Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақорда
Фото: Ақорда

 

Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық дәрігерлерге еңбегі үшін алғыс білдірді.

"Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын. Халық даналығы "Денсаулық – ең үлкен байлық" дейді. Ұлт денсаулығы – еліміз үшін шынымен де ең жоғары құндылық. Сондықтан медицинаны дамыту – мемлекеттің стратегиялық мақсаты. Дәрігерлер қоғамда ерекше рөл атқарады. Денсаулық сақтау саласына халықтың игілігі үшін адал қызмет ететін әрбір қызметкердің еңбегі жалпыға бірдей тануға лайық”, – деді президент.

Сөзіннше, медицина қызметкерлері халық арасында ең құрметті мамандық өкілдері ретінде құрметке ие. Түптеп келгенде, медицина қызметкерлері азаматтарымыздың денсаулығын жақсартуға өлшеусіз үлес қосады дейді.

“Мемлекет басшысы ретінде мен осы салада жанқиярлықпен еңбек етіп жатқан барлық мамандарға шын жүректен алғыс айтамын", – деді президент.

Тоқаев медицина қызметкерлеріне ұлттық референдумға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтты. Айтуынша, олар өткен референдум кезінде бұрын-соңды болмаған патриотизм мен жауапкершілік деңгейін көрсетті. 

Енді ол жаңа заңда ұлт денсаулығына басымдық белгіленгенін айтады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 18 Маусым, 2026 13:00