Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адамды заңсыз тіркеген баспана иесі сотталды

990 адамды тіркеген пәтер иесі
Фото: Жасанды интеллект көмегімен

Алматыда Наурызбай ауданында тұратын баспана иесі бір бөлмелі пәтерге 990 адамды заңсыз тіркеп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокуратураның мәліметінше, баспана иесі сол үшін ақшалай сыйақы алып отырған.

“Тексеру нәтижесінде Наурызбай ауданында тұратын бір пәтер иесінің бір бөлмелі пәтерге ақшалай сыйақы үшін 990 адамды тіркеген. Алайда олардың нақты тұрмағаны анықталды. Бұл әрекет заңсыз көші-қонды ұйымдастыру ретінде бағаланған.

Аталған дерек бойынша Наурызбай ауданы прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша іс қозғаған. Сот шешімімен "резеңке пәтердің" иесі кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Ведомство азаматтарды көші-қон заңнамасын сақтауға шақырды. Ал заң бұзған жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 18 Маусым, 2026 12:25