Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкерлер депутат Бақытжан Базарбекті сот шешімін орындамай жүр деп айыптады

Бақытжан Базарбек
Фото: parlam.kz

Оралдық кәсіпкерлер мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекке қатысты іс бойынша әділдік талап етуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кәсіпкерлер Роберт пен Жанар Ирменовтар депутат Бақытжан Базарбекті 593 күннен бері сот шешімін орындамай отыр деп айыптады.

2023 жылы Орал қаласының соты депутаттың заңсыз құрылыс және сыбайлас жемқорлық мүдделерін ілгерілету (лобби) туралы мәлімдемелерін шындыққа сәйкес келмейді деп танып, депутатты ақпаратты теріске шығарып жазба жариялауға және моральдық шығынның орнын толтыруға міндеттеген көрінеді. 

Кәсіпкерлердің өкілінің айтуынша, депутат сот орындаушыларының талаптарына әлі де жауап бермеген. Осыған байланысты жеке сот орындаушысы Мейіржан Ахметов сотқа жүгініп, Бақытжан Базарбектен өсімпұлды ең жоғары мөлшерде – 1 557 000 теңге көлемінде өндіріп алуды талап етті.

Кәсіпкерлер заң бәріне бірдей, лауазымға қарамастан бірдей қолданылуы тиіс деп санайды. Ал депутаттың өзі бұл жағдайға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек ай сайынғы 900 мың теңге жалақысының өмір сүруге жетпейтінін айтып, қызу талқыға түскен еді. 

Дана Русланқызы
Жұма, 19 Маусым, 2026 23:17