"900 мың теңгеден аса аламын": Депутат Базарбек жалақысының өмір сүруге жетпейтінін айтты

Мәжіліс депутаты Бакытжан Базарбек ай сайынғы 900 мың теңге көлеміндегі жалақысы отбасындағы барлық шығынды жабуға жетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, кейбір әріптестерінің бес-алты баласы бар.
"Баланы балабақшаға немесе қандай да бір секцияларға беру, киіндіріп, аяқ киімін алып беру үшін 300 мың теңге кетеді. Ал азық-түлік бағасының өсіп жатқанын ескерсек, бір миллион теңге де жетпеуі мүмкін. Мысалы, мен шамамен 900 мыңнан аса аламын. Бірақ бұл маған жеке өзіме жетпейді. Сондықтан жұбайымнан да жұмыс істеуін сұрадым", – деді Базарбек үкімет кулуарында.
ОқыңызЖалақыны қайта қарау және өсімге қойылған мораторийді алып тастау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген мәжілісмен мұндай шешімдерді өзі қабылдамайтынын айтты. Ол түрлі өзгерістер болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Алайда қазіргі экономикалық жағдайда мұндай қадамды аса орынды деп санамайтынын жеткізді. Депутаттың пікірінше, алдағы бес жылда бұл мәселе көтерілмейді.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр