Қазақстандық әйел Түркияда өзін зорлап, тонап кеткенін мәлімдеді
Түркияның Аланья қаласында демалып жүрген қазақстандық өзіне жыныстық зорлыққа ұшырап, тоналғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
DHA ақпарат агенттігінің алдын ала мәліметінше, 16 шілдеге қараған түні әйел күдіктімен танысып, кейін екеуі бірге қонақүйге барған. Біраз уақыттан соң ер адам қонақүйден шығып кеткен. Осыдан кейін қазақстандық әйел жедел қызметке хабарласып, жаңа танысының өзіне жыныстық зорлық көрсетіп, ұялы телефонын тартып алғанын айтқан.
Аланья қалалық полиция басқармасының қызметкерлері әйелдің арызынан кейін заң бұзды деген күдікпен Сирияның 24 жастағы азаматын ұстады. Ол аудармашының қатысуымен жауап беріп, кейін сотқа жеткізілді. Сот оны тергеу аяқталғанға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?
