Қазақстанда жылдық инфляция 10%-дан төмендеді
Қазақстанда 2026 жылғы тамызда жылдық инфляция 9,8% болды. Шілдеде бұл көрсеткіш 10,2% көрсеткен еді. Ал бір ай ішінде тауарлар мен қызметтердің бағасы 0,6%-ға өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросына дерегіне сәйкес, бір айда кейбір маусымдық жеміс-жидек пен көкөністердің бағасы төмендеді:
- Картоп – 12,3%-ға;
- Тәтті бұрыш – 11,9%-ға;
- Қырыққабат – 9,7%-ға;
- Жүзім 8%-ға;
- Пияз – 7,7%-ға арзандаған.
Сондай-ақ алма бағасы 5,1%-ға, сәбіз 5%-ға, лимон 4,7%-ға, қызылша 3,6%-ға, алмұрт 1,8%-ға, қияр 1,5%-ға төмендеген.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қолданылған жеңіл көліктер 5,3%-ға, планшеттер 5%-ға арзандаған. Медициналық маскалардың бағасы 2,9%-ға, медициналық термометрлер 1,9%-ға, электр еттартқыштар мен балалар жөргектері 0,8%-ға төмендеген.
Жылдық есеппен алғанда:
- Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы – 11,4%-ға;
- Азық-түлік өнімдері – 9,5%-ға;
- Ақылы қызметтердің бағасы – 8,9%-ға өскен.
2025 жылғы тамызбен салыстырғанда да кейбір азық-түлік өнімдері арзандаған. Баклажан 46,8%-ға, қияр 39,9%-ға, қызанақ 13,6%-ға, алма 10,6%-ға төмендеген.
Бұдан бөлек, сарымсақтың бағасы 7,2%-ға, мандарин 5,9%-ға, қырыққабат 5,2%-ға, банан 4,2%-ға, апельсин 2,6%-ға арзандаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде бір жылда ең қатты арзандағаны – отандық өндірістегі жаңа көліктер. Олардың бағасы 16,9%-ға төмендеген. Электр бұрғылары мен бұрауыштардың бағасы 8%-ға, кондиционерлер 7,6%-ға, медициналық бинттер 3,1%-ға арзандаған.
Астанада 275 мың теңгенің университет жатақханасы студенттерді шошытты
