Қазақстанда ЖЭО-лардың миллиардтаған қарызына байланысты газ тарифтері көтерілмек

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жылу электр орталықтарының (ЖЭО) газ үшін миллиардтаған қарызы тарифтер бағасына қалай әсер ететінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтегі брифингте Сұңғат Есімхановтың айтуынша, газ компанияларының берешектері бар және оларды өтеу тарифтерді көтеру арқылы жүзеге асырылады.
"Әрине, олар алдағы уақытта тарифтер есебінен жабылады", – деді Сұңғат Есімханов.
Оның айтуынша, тарифке отын шығындары ғана әсер етпейді. Бұдан бөлек, жөндеу жұмыстары мен қызметкерлердің жалақысына кететін шығындар да бар.
"Қазір біз өтінімдерді қарастырып жатырмыз. Менің ойымша, бұл соңғы тарифке айтарлықтай әсер етпейді. Орта есеппен 4–5 пайыз шамасында ғана әсер етуі мүмкін. Әрине, әріптестеріміздің шығындары өсіп жатыр. Сондықтан бұл қарыздарды жабу қажет.
Бірақ тарифтер тек электр энергиясына ғана қатысты емес. Мысалы, МАЭК кәсіпорны электрмен қатар жылу және сумен жабдықтаумен де айналысады", – деді ол.
Сондай-ақ ол уәкілетті органдар компаниялардың өтінімдерін қарайтынын және қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін айтты.
Сұңғат Есімхановтың айтуынша, тарифтер бірнеше айдан кейін ғана өсуі мүмкін.
"Балам мектепке бармаймын деп жылайды": Қазақстандық әйел баласына бұралқы иттер шабуыл жасағанын айтып, шағымданды
Оқыңыз