Қазақстан ішіндегі әуе билеттеріне шекті тарифтер енгізу ұсынылды

Депутат Қазақстан ішіндегі әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша әуе билеттеріне шекті тарифтер енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат Олжас Құспековтың мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында әуе билеттерінің бағасы 29,9% өскен, ал кейбір бағыттарда – 40%-дан асқан.
"Теміржол арқылы 19,4 миллион жолаушы, ал авиациямен 15,4 миллион жолаушы тасымалданған кезде жүйенің өткізу қабілеті шектеулі екенін көреміз. Астанадан Алматыға билет Варшавадан Лондонға билетпен бірдей болса — бұл жүйелік ақау. Біз әлеуметтік маңызды бағыттарға шекті тарифтер енгізуді қарастыру, оны антимонополиялық бақылауды күшейту арқылы қолдауды ұсынамыз", – деді депутат.
ОқыңызСонымен қатар депутат Қазақстанда жолаушы тасымалдау мүмкіндігін маусымдық түрде міндетті жоспарлау жүйесін енгізіп, шарықтау кезеңдері үшін қосымша рейстерді алдын ала дайындау қажет екенін айтады.
"Теміржол билеттерін сату мерзімін 45 тәуліктен 90–120 тәулікке дейін ұзарту, сондай-ақ туроператорлар үшін блоктап брондау мүмкіндігін беретін интеграциялық API жүйесін құру қажет", – деді Құспеков.
Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаты Қазақстан өңірлерін бір-бірімен байланыстыру үшін шағын авиацияны дамытуды ұсынған еді.
"Балам мектепке бармаймын деп жылайды": Қазақстандық әйел баласына бұралқы иттер шабуыл жасағанын айтып, шағымданды
Оксана: "Адамдардың үйінде асырап отырған мысығын, қояны мен тауығын жеп кетті"
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі