Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау басталды
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың басталуы мен учаскелердің ашылуы туралы деректерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскен.
Сондай-ақ, біздің елден тыс жерде орналасқан 16 шет мемлекетте 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.
“Осылайша ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы басталды. Аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес 107 учаскеде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды. Сайлаушылар тізімдеріне 12 605 788 адам енгізілген. Олардың 17 132-сі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды”, – делінген хабарламада.
Барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 61 шет мемлекетте 79 учаске. Бір сағаттан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы ақпараты ұсынылатын болады.
Орталық сайлау комиссиясы сағат 10.00-ден бастап екі сағат сайын сайлаушылардың дауыс беруі туралы хабарлайды.