Қазақстанда мемлекеттік сатып алулардан қанша заңбұзушылық анықталғаны айтылды

Қаржы вице-министрі Даурен Темірбеков былтыр камералдық бақылау барысында елімізде 5 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімінен заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеді. Олардың жалпы сомасы 68 миллиард теңге болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спикердің айтуынша, есепті кезеңде 226 аудиторлық іс-шара жүргізілген.
Оқыңыз“Жалпы сомасы 37 миллиард теңгелік қаржылық заңбұзушылық анықталды. Сонымен қатар заңбұзушылықтарды жою көрсеткіші жақсарған. Мәселен, жойылған бұзушылықтардың үлесі 2023 жылы 63%-дан 2025 жылы 73%-ға дейін өскен. Камералдық бақылау аясында 1,2 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 147 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі тексерілді. Нәтижесінде 68 миллиард теңгеге қатысты 5 163 заңбұзушылық анықталды. Барлығы заңнамаға сәйкес жойылған”, – деді Даурен Темірбеков.
Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда жеңілдетілген туристік жолдамаларды жарнамалаған алаяқ 20 миллион теңге жымқырғаны туралы жазған едік.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”