Қазақстанда автокөлікке сұраныс артып, орташа чек төмендеп жатыр

Қазақстан автомобиль одағы сәуір айында Қазақстанда 20 857 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатылды. Былтырғымен салыстырғанда 8,4%-ға көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұйым мәліметінше, сәуір айы жыл басынан бергі ең белсенді айлардың бірі болды.
"Нарықтағы бәсекелестік күшейіп келеді, ресми дилерлер модельдік қатарларын белсенді түрде жаңартып жатыр, ал орташа чек біртіндеп төмендеуде. Сонымен қатар, сатып алушылардың жаңа брендтер мен технологияларға қызығушылығы жоғары. Әсіресе, Қазақстанда шығарылған көліктер мен баламалы қуат көздерімен жүретін модельдердің үлесі айтарлықтай өсіп келеді", - деді Қазақстан автомобиль одағының президенті Анар Мақашева.
Сәуір айының көшбасшысы Chevrolet бренді болды. Дилерлер аталған марканың 5 501 автокөлігін сатқан. Былтырғымен салыстырғанда 101,9%-ға артық. Екінші орында Hyundai (2 656 көлік), үшінші орында Kia (1 912 көлік). Ірі брендтердің ішінде ең жоғары өсімді Changan көрсетті. Компанияның сатылымы 172,4%-ға өсіп, 1 882 автокөлікке жеткен.
Сондай-ақ үздік ондыққа мына брендтер енді:
- Haval – 1379 көлік;
- Chery – 1326;
- Jetour – 1108;
- Toyota – 830;
- Geely – 548;
- Geely Galaxy – 424.
Қазақстан автомобиль одағы BYD пен MG брендтерінің де қарқынды өсім көрсеткенін атап өтті. Сәуірде BYD 421 автокөлік сатып, өткен жылмен салыстырғанда сатылымын 209,6%-ға арттырған.
Ал MG бренді 130 көлік сатып, 282,4%-дық өсімге қол жеткізді. Сәуір айындағы ең танымал модель Chevrolet Cobalt болды, мысалы, 5 319 көлік сатылған. Одан кейін Hyundai Tucson (853 көлік) мен Hyundai Mufasa (794 көлік) орналасқан.
Көшбасшы модельдер қатарында Kia Sportage, Changan CS35 Max, Changan CS55 Plus, Haval Jolion, Haval M6, Toyota Camry және Chery Tiggo 2 Pro да бар. Дегенмен жыл басынан бергі жалпы көрсеткіш өткен жылдың деңгейінен сәл төмен. Қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанда 65 610 автокөлік сатылса, 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 66 101 болған. Төмендеу 0,7%. Алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша Chevrolet 12 130 көлікпен бірінші орынға шықты. Одан кейін Hyundai (11 314), Kia (9405), Changan (5113) және Chery (4646) брендтері тұр.
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті Қытайдан әкелінген BYD көліктеріне байланысты қазақстандықтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, тек жалған кедендік мәлімет берген 450 сыртқы экономикалық қызмет қатысушысына қатысты 623 көлік бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Ал шектеу небәрі 45 заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің шотына қойылған. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Қытайдан BYD көлігін алған қазақстандықтардың банктік шоттары жаппай бұғатталып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Сондай-ақ көлік иелерінен қосымша салық пен айыппұл төлеу талап етіліп жатқаны хабарланған.
Оралда 97 жастағы тыл ардагері өзіне тиесілі жәрдемақысын ала алмай қалды
Оқыңыз