Қазақстан КТК-ға жасалған шабуылды ел мүддесіне қол сұғушылық деп атады

Қазақстан Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумы (КТК) теңіз терминалы маңындағы мұнай танкерлеріне жасалған дрон шабуылын айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шабуыл салдарынан екі кемеде өрт шыққанымен, жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Алайда оқиғадан кейін мұнайды тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.
"Теңізшевройл" компаниясының мұнайын тасымалдаған ASIA танкері және Kashagan B.V. мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мұнайын жеткізіп бара жатқан NISSOS IOS танкері шабуылға ұшырады.
Мұнай төгілген жоқ. Компания қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың арасында қаза тапқандар немесе зардап шеккендер тіркелмеді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мұндай шабуылдар халықаралық энергетикалық инфрақұрылымға қауіп төндіретінін, энергетикалық ресурстардың үздіксіз халықаралық сауда тетіктерін бұзады және жобаға қатысушылардың экономикалық мүдделеріне елеулі зиян келтіретінін мәлімдеді. Ведомство Қазақстанның қарулы қақтығысқа қатысушы тарап емес екенін атап өтіп, халықаралық құқық нормаларына сәйкес көмірсутектерді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауға шақырды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі азаматтық мақсаттағы аса маңызды энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған мұндай шабуылдарды жол беруге болмайтын әрекет деп санайды.
Еске салайық, КТК-ның теңіз терминалына дрондармен шабуыл жасалғаны туралы жазған едік.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді