КТК-ның теңіз терминалына дрондармен шабуыл жасалды

Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалына дрондармен шабуыл жасалғанын хабарлады. Салдарынан мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
КТК мәліметінше, 2026 жылы 19 шілдеде теңіз терминалындағы ВПУ-1 және ВПУ-3 айлақтарында мұнай тиеу кезінде "ASIA" және "NISSOS IOS" танкерлеріне дрондармен шабуыл жасалған.
Танкерлерде халықаралық экипаж мүшелері болған.
Шабуыл салдарынан "ASIA" танкерінде өрт шығып, ол КТК-ның апаттық қызметінің көмегімен сөндірілген. Осыдан кейін мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылды.
Компанияның хабарлауынша, КТК қызметкерлері мен мердігер ұйымдар арасында зардап шеккендер жоқ. Мұнай төгілмеген. Абырой болғанда, экипаж мүшелеріне медициналық көмек қажет емес. Қазір танкерлердің зақымдану деңгейі бағаланып жатыр.
ОқыңызБұған дейін Chevron компаниясының мұнай тасымалдайтын танкеріне Қара теңізде дрон шабуылдаған еді. Chevron компаниясы оқиғаны растады. Компания мәліметінше, шабуылдан кейін экипаж мүшелері зардап шекпеген, ал Қазақстан мұнайының экспорты штаттық режимде жалғасып жатыр.
LSEG деректеріне сәйкес, 2022 жылы жасалған “Yasa Polaris” танкері шамамен 160 мың тонна мұнай тасымалдай алады.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды