Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нидерландтық жаттықтырушы футболдан Қазақстан құрамасының бас баспкері атанды

Джон ван‘т Скип
Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маман Джон ван'т Схиппен ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне қатысты келісімге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маманның тағайындалуы ҚФФ Жарғысына сәйкес Атқару комитетінің келісімінен кейін ресми түрде рәсімделеді. Атқару комитетінің отырысы алдағы күндері өтіп, содан кейін бапкермен келісімшартқа қол қойылады.

Джон ван'т Схип футболшы ретінде Амстердамның "Аякс" және Италияның "Дженоа" клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд құрамасының намысын қорғаған. Ол ұлттық құрамамен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионы атанды.

Бапкерлік жолын "Аякс" жүйесінде бастаған ван'т Схип кейін Амстердам клубын, сондай-ақ "Твенте", "Зволле", Мексиканың "Гвадалахара" және Австралияның "Мельбурн Сити" клубтарын жаттықтырды. 2016 жылы "Мельбурн Ситимен" бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.

Халықаралық деңгейде ол Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері болды.

Қазақстан құрамасының жаңа бапкерлік штабына:

  • Нұрбол Жұмасқалиев – бас бапкердің көмекшісі;
  • Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі;
  • Юрий Новиков – қақпашылар бапкері;
  • Вадим Боровский – дене дайындығы жөніндегі бапкер;
  • Тимур Құсайынов – аналитик болып енеді.

Еске салайық, бұған дейін Талғат Байсуфинов 2026 жылғы маусымда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Ол ұлттық құраманы әр кезеңде үш рет жаттықтырып, соңғы қызметінде 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиямен тең ойынға қол жеткізіп, FIFA рейтингіндегі көрсеткішті жақсартуға үлес қосты. Қазақстан футбол федерациясы маманға атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, оның отставкасын қабылдаған еді.

Айым Атамбаева
Жұма, 07 Тамыз, 2026 12:41