Қарқаралыдағы жартасқа есімін жазып кеткен вандалдарды полиция іздестіріп жатыр

Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық паркінде жартастарға жазу жазып, табиғи нысандарды бүлдірген белгісіз адамдарды полиция іздеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық паркінде жартастарға жазу жазып, табиғи нысандарды бүлдірген вандалдарды полиция іздестіріп жатыр. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде анықталған.
Полиция мәліметінше, белгісіз адамдар жартастардың табиғи келбетін бұзып, түрлі жазулар қалдырған. Қазір тәртіп сақшылары күдіктілерді анықтау бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, кінәлілер жауапкершілікке тартылады.
Айта кетейік, бұған дейін еріктілер жартастарды жазулардан тазартқанымен, көп ұзамай туристер оларды қайта бүлдірген. Сонымен қатар жақында Алматы облысында вандалдар Ұзынағаш шайқасының құрметіне қойылған ескерткішті де бояп кеткен еді.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстаудағы Қызылкүп шатқалында (“Тирамису”) әсерлі видео түсіреміз деп табиғи аумаққа көлікпен кірген туристердің әрекеті қоғамда қызу талқыға түскен еді. Осыдан кейін желі қолданушылары шатқал аумағына бақылау бекеттерін орнатып, заңбұзушыларға салынатын айыппұлды күшейтуді талап еткен.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Оқыңыз