"Qarmet" компаниясының экс-қызметкерлері 1 миллиард теңге ұрлап ұсталды
Фото: Видеодан скрин
Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері 1 миллиард теңгеге жуық ақша жымқырды деген күдікпен "Qarmet" компаниясының бұрынғы лауазымды тұлғаларын және басқа да мердігер ұйымдардың қызметкерлерін ұстады. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, ұсталған 14 адам алдын ала сөз байласып, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанындағы қараусыз территорияға тиісті нормадан тыс, яғни өңдеусіз төккен.
“Қазір қылмыстық іс аясында 14 күдікті тергеліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Бұған дейін "Qarmet" кәсіпорнынан жанар-жағармай материалдарын ұрлап келген ұйымдасқан топ ұсталған еді.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"