Путиннің жүрегі тоқтап қалды - БАҚ
Кремль Владимир Путиннің денсаулығына қатысты БАҚ-та тарған ақпараттарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін бірқатар британдық басылымдарда және ресейлік әлеуметтік желілерде Ресей президентінің жүрегі тоқтап қалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, БАҚ Кремльдегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Путиннің денсаулығында басқа да проблемалар бар екенін хабарлады.
Бүгін Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы бұл қауесеттерді жоққа шығарып, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
"Владимир Путиннің жүрегінде ешқандай сырқат жоқ. Жағдайы жақсы", – деді Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық