Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет әскери киім киіп бірқатар мәлімдеме жасады
Ресей президенті Владимир Путин шабуыл жасағаннан кейін алғаш рет Курск облысына барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kremlin.ru
Путин соғыс басталғалы алғаш рет Курск пунктерінің біріне әскери формада келіп кеңес өткізді. Ресей әскерлерінің Бас штабының бастығы Валерий Герасимов оған соғыс аймағындағы жағдай туралы хабарлады. Айтуынша, Курск облысындағы украин күштерінің тобы қоршауға алынған.
Герасимов Ресей армиясы Украина әскері алған Курск облысының 86 пайызын босатқанын жеткізді. Ол "Киев Курск облысында стратегиялық көпір құрып, Донбасстан ресейлік күштерді тартқысы келгенін жеткізді.
Сондай-ақ Герасимов Курск облысындағы Украина шығындары 67 мың адамнан асқан. 400-ден астам әскери тұтқынға алынған.
Соңғы бес күнде Ресей армиясы Курск облысындағы 24 елді мекен мен 259 шаршы шақырым аумақты қайтарып алған. Герасимов шекараның жекелеген бөліктерінде Ресей әскерлері Украинаның Сума облысына кіргенін де алға тартты.
Путин жиналыста 1949 жылғы Женева конвенциясын әскери тұтқындармен қарым-қатынас туралы еске салды. Ол тұтқынға алынғандардың барлығына адамгершілікпен қарауға шақырды. Бірақ Курск облысының бейбіт тұрғындарына қарсы қылмыс жасағандарды террорист деп санау керек деп мәлімдеді. Ал шетелден келген жалдамалы әскерлер әскери тұтқындарға қатысты конвенцияға жатпайды.
Путин Курск облысының аумағы жақын арада жаудан толығымен босатылуы керек екенін айтты. Ол мемлекеттік шекара бойында қауіпсіздік аймағын құру туралы ойлануды ұсынды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресей президенті соғыс басталғаннан бері алғаш рет әскери форма киген.