"Қорыққаннан кетіп қалды": Путин мобилизациядан Қазақстанға қашып келген ресейліктер туралы пікір білдірді
Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін көрші елдерге кеткен ресейліктер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл жағдайға эмоциямен емес, заң тұрғысынан баға бергенді жөн көремін. Әрбір нақты жағдайда нақты азаматтың әрекетіне құқықтық баға беру керек. Біреу қорыққаннан кетіп қалды, енді бірі мобилизациялан жалтармақ болды. Әрбір нақты жағдайға құқықтық баға беріп, осы негіз бойынша ғана әрекет ету керек", – деді Путин Орталық Азия Ресей саммитінен кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Ресейде ішінара мобилизация жарияланған күннен бастап Қазақстанға келетін ресейліктердің саны күрт өскен болатын.
Айта кетсек, Ресей президенті Владимир Путин қосымша мобилизацияға қажеттілік жоқ екенін мәлімдеген болатын.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"