Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы достық туралы айтты

Ресей Президенті Владимир Путин орыс пен қазақ халықтары әрқашан шынайы дос болғанын және солай болып қала беретінін айтты. Ол екі мемлекет арасындағы одақтастық қатынастардың болашағына сеніммен қарайды. Бұл жөнінде ол “Казахстанская правда” газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

токаев путин

“Ең бастысы, біздің халқымыз әрқашан тату көрші және шынайы дос болған және болып қала береді. Сенім, өзара түсіністік пен көп қырлы табысты ынтымақтастықтың баға жетпес дәстүрін нығайта отырып, біз мемлекетаралық коммуникацияның озық үлгісін табысты жүзеге асыратынымызға сенімдімін”, – деді Путин.

Ресей президентінің айтуынша, ол "әлемде қандай жағдай туындаса да" Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтастық қатынастардың болашағына сеніммен қарайды.



Журналистпен әңгімелесу барысында Ресей президенті Тоқаевпен достығы, орыс тілінің мәртебесі туралы да айтты.

"Қасым-Жомарт Кемелұлымен біз бірден достасып, жақын қарым-қатынас орнаттық. Екеуміз де бір заманның адамдарымыз және өз мемлекеттеріміз үшін барлық жауапкершілікті бірдей сезінеміз. Еліміздің дамуы үшін, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Біз үнемі қоңырау шалып, хабарда отырамыз. Мұның бәрі Ресей-Қазақстан байланысының жоғары деңгейін көрсетеді", – деді Путин.

Айта кетейік, 9 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді.

Талқылау