Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин "Бәйтерек" ғарыш кешенін Назарбаевтың құрметіне атауды ұсынды

Ресей президенті Владимир Путин «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне атауды ұсынды.

Путин

Сурет: ҚР Тұңғыш президентінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Еске сала кетсек, Елбасы сенбі күні Мәскеуге Қала күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік шараға қатысуға барған еді. Назарбаев пен Путин халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі «Қазақстан» павильонын аралады. Экскурсия барысында Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин мен Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев кешенді салу процесі туралы есеп берді. 

Путин кешенге неліктен «Бәйтерек» атауы берілгенін сұрады. Назарбаев «Бәйтеректің» «өмір ағашы» деген мағынаны беретінін түсіндіріп, қазақ аңызын айтып берді. 

«Атауын «Нұрсұлтан» деп қояйық. Бұл жобаны сіз дайындадыңыз ғой», - деп ұсынды Путин.

Назарбаев жобаның Ресей мен Қазақстанның серіктестігінің арқасында жүзеге асырылып жатқанын және ғарыш саласын мүлдем жаңа деңгейге көтеретінін айтты.

Қазақстанның тұңғыш президенті кешеннің атауына қатысты өз нұсқасын ұсынды.

«Нұрсұлтан» емес. Атауын басқаша қойыңыздар. «Назарбаев» деп атаңыздар», - деді Елбасы. 

Өз кезегінде Путин «келістік» деп жауап берді. 

Путин және Назарбаевпен бірге жаңа павильонды аралаған премьер-министр Дмитрий Медведев «мұндай атауға иеленген жобаны сапалы түрде жүзеге асыру керегін» атап өтті.


Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев жайлы қызықты 12 дерек

Талқылау