Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог Серікгүл Сәли: Күйеу табу үшін иіскелесу керек

Психолг Серікгүл Сәли жұбыңызды табу үшін қандай амал жасау керек екенін айтты. Маманның кеңесі көпшілікті қызықтырып қойды.

Тележүргзуші Диана Қырықбай психолог Серікгүл Сәлиден қызықты жауап алды. Маманның айтуынша, жұбыңызды табу үшін иіскелесу керек.

“Иіскелесу дегеніміз – оның иісін сезіну. “Иіскейін, бірақ тиіспейін” дейді. Ол қайдан шыққан сөз? Ата-аналарыңыздан сұрасаңыздар, кезінде жұптар бір-бірінің иісіне ғашық болған. Тамағының иісіне, шашының иісіне ынтық болған. Иіскеу жекілікті болған. Басқа ешнәрсе маңызды емес. Бұндайда адамның кемшіліктері, аяғының қисықтығы, мінезі маңызды болмайды. Сондықтан би билеп, киноға барып, кешке дейін сөйлесе бергенше, иісін сезген дұрыс. Егер иісі ұнамаса, онда сіздің адамыңыз емес”, –деді маман. 

Психологтың сөзіне қарсы келгендер де, қолдау білдіргендер де бар. 

“Иіскеу деген қалай кетті?”, “Қазіргі психологтар не айтарын білмей, бәрін ойдан шығарады ма?”, “Ұнатқан адамыңның иісі де ұнайды дегендей ғой”, “Сонда иісін иіскеу жеткілікті ме?”, “Иісі ғана ұнаса ше?”, “Мамандар не айтып жүргенін өздері білмейді”, “Дұрыс айтқан”, – деп жазды желі қолданушылары. 


Диана Қырықбай: Жігіттер, маған ақшаларыңыз жетпейді, сондықтан өздеріңіз секілді қарапайым қызбен кездесіңіздер

Талқылау