Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Қырықбай: Жігіттер, маған ақшаларыңыз жетпейді, сондықтан өздеріңіз секілді қарапайым қызбен кездесіңіздер

Диана Қырықбай өзіне хат жолдап, көңілін білдіретін жігіттерге жауап берді. Тележүргізуші қарапайым жігіттерден өзін мазаламауын сұрайды. Бойжеткен ақшасы жоқ жігіттермен кездесуден бас тартты. 

Диана Қырықбай желіде қарапайым жігіттерге жауап берді. Ол бетіне күтім жасаған сәтін көпшілікке көрсетті. 

“Мен өз күтіміме қатаң қарайтын адаммын. Мәселен, мына процедураның өзі 40 мың теңге тұрады. Оны айына 4-5 рет жасатамын. Сіздердің ақшаларыңыз жете ме? Қарапайым жігіттер, менімен кездесуге көп ақша кетеді. Кездескім-ақ келеді. Бірақ ақшаларыңыз жетпейді. Сондықтан мен секілді жақсы қызбен, өз күтіміне қараған қызбен, әдемі қызбен кездескілеріңіз келсе, ақша табыңыздар. Болмаса өздеріңіз секілді қарапайым қыздармен кездесіңіздер. Әлде менікі дұрыс емес пе?”, – деді тележүргізуші. 

Желі қолданушылары тележүргізушінің сөзіне қарсы шықты. 

“Ақымақтың үлкен кішісі жоқ деген рас екен!”, “Не деген өркөкіректік, адами құндылықтар өзгерген заман-ай”, “Бұл кім өзі?”, “Алла тағалам тағдырыңды өзің айтпақшы сол қарапайым жігітпен қосса, отбасын құрып тұрасың, ең бастысы Алла тағалам бармақтай бақ берсін”, “Бұл кім әнші ме? Блогер ме?”, “О несі өзін жоғары санап, қарапайым жігіт алмайды сені”, “Менің ақшам болса, сізбен кездеспес едім”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау