Психолог құшақтасудың күтпеген пайдасы туралы айтты
Психолог және PhD докторы Лиза Ван Раальте құшақтасудың күтпеген пайдасы туралы айтты. Құшақтасу жұптардың қарым-қатынасын жақсартып қана қоймай, тыныштандыруға және қуаныш гормондарының деңгейін арттыруға көмектеседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Психолог жақын адамыңды құшақтау физикалық және эмоционалдық күйзелісті жеңілдететінін түсіндірді.
"Біз өзімізді қауіпсіз сезінетін және жанында әлсіз бола алатын адамдарды ғана құшақтаймыз", – дейді Раальте.
Зерттеулер көрсеткендей, жұмсақ жанасу ерлі-зайыптылардың сенімін арттыруға және олардың серіктесіне жанашыр болуға көмектеседі. Сонымен қатар олар оң эмоцияларды тудыратын окситоцин гормонының өндірісіне әсер етеді.
"Окситоцин – серіктестерге жақынырақ сезінуге көмектесетін табиғи махаббат гормоны. Құшақтаған кезде біз сүйіспеншілік, қауіпсіздік және сенім сияқты жағымды эмоциялардың толқынын сезінеміз ", – деп қосты психолог.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”