Психикалық ауытқуы болуы мүмкін: Алматыда билеп тұрып терезеден құлап кеткен қыз туралы тың деректер пайда болды
Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Марат Қожаев тұрғын үй терезесінің ернеуінде билеп тұрып, құлап мерт болған қыздың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Мәжіліс алаңында вице-министр Марат Қожаев марқұмның Қырғызстан азаматы екенін айтты.
“Қыздың ерекше мінез-құлығы бар екені анықталды. Қазір туыстарынан оның психикалық ауытқуы бар-жоғын тексеріп жатырмыз”, – деді ол.
Құқық қорғау органдары қыздың суицид жасауына не себеп болғанын анықтап жатыр.
Еске салайық, күні кеше белгісіз ару билеп тұрып Алматыдағы тұрғын үй кешенінің 7 қабатынан құлап кеткен еді.
Бұған дейін қазақстандық офицердің Ресейде сал ауруына шалдыққан баланы құтқарып қалғаны туралы жазған едік.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"