Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам бұрынғы әйелінің ұрып-соғып, күн көрсетпей жүргенін айтып шағымданды

 
әйелі ұрды
Фото: видеодан скриншот

Алматыда ер адам бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүргенін айтып, полицияға шағымданды. Оның сөзінше, әйелі оған қол көтеріп, бетін тырнап, жарақаттаған. Алайда полицияға бірнеше рет арызданғанымен, іс ұзақ уақыт бойы шешілмей келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға туралы ер адамның адвокаты Тілеужан Кішкенебаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар он жыл отасқаннан кейін екі жаққа кеткен. Бірақ ажырасқанына қарамастан, екеуі әлі күнге дейін үш бөлмелі бір пәтерде тұрып жатыр. Ер адам бұрынғы әйелі өзін ортақ баспанадан кетіруге тырысып жүр деп есептейді. Адвокаттың айтуынша, олардың арасындағы жанжал бірнеше рет полицияға жүгінуге себеп болған.

"Әйел бұрынғы күйеуіне қол көтеріп, бетін тырнап, жарақаттаған. Ер адам болған жағдайды видеоға түсіріп, полицияға арыз берген. Алайда оның арыздары бойынша тиісті шара қабылданбай, тіркелген істердің өзі кейін жабылған. Бұл істердің кейбірі менің қатысуыммен тоқтатылды", – деді адвокат Тілеужан Кішкенебаев.

Алайда ер адамның өзі де әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұған бұрынғы әйелінің үстінен жазған арызы себеп болған. Әйел оның балағат сөз айтқанын мәлімдеген. Нәтижесінде сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алған.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, ұрып-соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан көрінеді.

 

Қарлығаш Асқарова
Жұма, 30 Қазан, 2026 11:12