Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Шымкент полиция департаменті қайғылы оқиға 12 мамырда болғанын және білім басқармасы түсініктеме бергенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: vesti.kg

Полицияның дерегінше, марқұм оқушы қаладағы №9 мектепте білім алған. Суицидке не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Мектептегілер оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты. Білім басқармасының баспасөз қызметі 11-сынып оқушысын белсенді және оқу үлгерімі жақсы деп сипаттама берді.

“2024 жылдың 12 мамырында 11-сынып оқушысы үйінде, жеке бөлмесінде өзіне қол жұмсағаны анықталды. Мектеп әкімшілігі оның оқу үлгерімі жақсы болғанын хабарлады”, – деді Шымкенттегі білім беру мекемесінің баспасөз қызметі.

Қазір бұл істі Шымкент ішкі істер басқармасы бақылауда ұстап отыр. Бұл өзіне қол жұмсауға итермелеу ме және түлектің өз өмірін қиюына не себеп болды? Қазір тәртіп сақшылары анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары тергеу құпиясын алға тартып, қайғылы оқиғаның мән-жайын ашпай отыр.

“Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деп хабарлады Шымкент ІІБ баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы Мерке ауданында жергілікті автомектеп аумағында 10-сынып оқушылары арасында төбелес болғанын, салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмғанын жазған едік. Жасөспірімнің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.

Талқылау