Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында мектеп оқушылары төбелес шығарып, салдарынан жасөспірім көз жұмды

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында Жамбыл облысы Мерке ауданында жергілікті автомектеп аумағында 10-сынып оқушылары арасында төбелес болғанын, салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмғанын жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/kozachkow

13 мамырда Жамбыл облысы Меркі ауданы орталық ауруханасынан Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

Жасөспірімнің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.

“Полиция қызметкерлері ізін суытпай, кәмелетке толмаған баланы ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алды. Сонымен қатар оның суық қаруды заңсыз алып жүргеніне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Еске салайық, Өскемендегі мектептердің бірінде оқушылар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқаны туралы жаздық. Шығыс Қазақстан облысы полиция депарментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, орта мектеп оқушысы екіншісіне суық қару қолданған. Қақтығыс кезінде ол жиналмалы кәдесый пышағын алып, қарсыласына сермеген. Салдарынан өзі де жарақат алды. Оқушылардың бірінің қолы, екіншісінің беті кесілген. Мектепке жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Талқылау