Алматыда мердігер компаниядан жол жөндеу кезіндегі заңсыздықтар үшін 800 миллион теңге өндірілді
Алматыда жолды жөндеу жұмыстары кезінде бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды. Бұл жолдарды жөндеуге бюджеттен 754 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Алматы қаласының прокуратурасы Бас прокуратурамен бірлесіп автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманы сақтау бөлігінде Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметіне тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелеріне сәйкес, құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолданған. Сондай-ақ жеткізушілер асфальтты қажет мөлшерде төсемеген. Бұл асфальттың тығыздығына әсер етті.
Заң бұзушылықтарды жою үшін Алматы қалалық мобильділік басқармасына бюджет қаражатын жеткізушілерден қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында қадағалау актісі ұсынылды.
Биыл 6 сәуірде Жоғарғы соттың қаулысымен жеткізушілер бюджетке 754 миллион теңге қайтарды.