Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Прокурор экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпара агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Астанадағы №2 Байқоңыр ауданы сотында атышулы іс бойынша жарыссөз өтті.
Мемлекеттік айыптаушы Мұхамедиұлы ҚР ҚК –бабымен кінәлі деген айыптау қорытындысын оқыды. Біріншісі – қылмысты ұйымдастыру, екіншісі – сеніп тапсырылған бөтен бүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу. Сайып келгенде осы баптармен кінәлі деп танып, 9 жылға жаза арқалауын және өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айыруды сұрады.
Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын антикор былтыр мамырда қамауға алған. Тергеу бір жылға созылды. Тергеу мәліметінше, біраз жыл мәдениет және спорт министрлігін басқарған Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарының мемлекетке келтірген шығыны шамамен 221 миллион теңгеден асады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр