Процесс бір сағатқа ғана созылады: Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату тәртібі өзгереді
Қазақстандықтар енді жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілесін бір сағаттың ішінде жасай алады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жылжымайтын мүлікпен онлайн транзакция платформасының жобасын таныстырды. Министрдің айтуынша, енді қазақстандықтарға бұрынғыдай нотариусқа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.
“Жылжымайтын мүлік - отбасының негізі. Осы орайда жылжымайтын мүлік саласындағы жаңалықтарға тоқталғым келеді. Жылжымайтын мүлікті, мысалы, үйді, пәтерді немесе кеңсені сатып алу немесе сату кезінде бұрынғыдай нотариусқа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласудың қажеті болмайды”, – деді Мусин жоба таныстырылымы кезінде.
- "2024 жылға дейін шешілуі тиіс": Мусин қазақстандықтарға Илон Масктың интернетін қашан пайдалануға болатынын түсіндірді
- Адамның ЖСН және ЭЦҚ нөмірін білу арқылы қандай ақпаратты анықтауға болады – Заңгер түсіндірді
Министрдің айтуынша, мұндай онлайн қызмет Blockchain технологиялары мен биометриялық сәйкестендіру арқылы көрсетіледі.
“Әрбір нысан бойынша орындалған барлық әрекеттер мен бейнематериалдар электронды үкіметте сақталады. Осылайша, бірнеше күнге созылатын процесс бір сағатқа дейін қысқарды”, – деп түсіндірді министр.